Биыл Таразда 53 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

Биыл Таразда 53 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді

21 Ақпан 2024

309

Поделиться статьей:


Spread the love

Тұрғын үй қорын жаңарту – халықтың әл-ауқатын арттырудың бір жолы. Сондықтан мемлекет тұрғын үй секторындағы реформаларға үлкен көңіл бөлуде. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да назарында, деп хабарлайды info.homsters.kz Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы мақсатта еліміздің тұрғын үй қорын жаңарту жобалары жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар 2011 жылдан бері өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп келеді.

Мәселен, Тараз қаласында аталған жоба аясында 2011-2023 жылдар аралығында 484 көпқабатты тұрғын үйге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда қаладағы 1438 көпқабатты үйдің тағы 619-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан биыл 53 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Бұл күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің санын 43-тен 39 пайызға дейін қысқартады.

21 Ақпан 2024

309

Тегтер:

Поделиться статьей:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте