Атырауда биіктігі 55 метр болатын айналма дөңгелегі салынады

Атырауда биіктігі 55 метр болатын айналма дөңгелегі салынады

21 Ақпан 2018

674

Поделиться статьей:


Spread the love

Атырауда биіктігі 55 метр дөңгелекті жаңа демалыс саябағы пайда болады.

Бұл туралы қала әкімі Серік Шәпкенов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты, — деп хабарлайды ІІМ. ҚазАқпарат .

Қазіргі таңда Атырау мемлекеттік университетінің жанындағы Жайық өзенінің жағасындағы саябақтың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өтуде.

Саябақтың аумағы 6,5 гектарды құрайды. Оның аумағында жалпы ауданы 3,1 га жасыл екпелер – туя, сирень және арша отырғызылады.

Сондай-ақ биіктігі 55 метрлік айналма дөңгелегі, карусельдер, балалар ойын алаңдары, шағын футбол алаңы, стритворкаут алаңы, скейтбординг алаңы, субұрқақ, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары болады.

«Мұндай саябақ салу қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетілді. Облыс басшылығының тапсырмасы бойынша біз қала тұрғындарының ұсыныстарын жинап, олардың барлық тілектерін ескеріп, оңтайлы нұсқаны жұмысқа алдық», – деді Шәпкенов.

Саябақтың құрылысы жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдары есебінен жүзеге асырылады.

21 Ақпан 2018

674

Тегтер:

Поделиться статьей:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте