Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі Абай ауданындағы орман өрті салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсету шаралары туралы хабарлады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза болғандардың отбасыларына мынадай қолдау шаралары көрсетіледі: 1) отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы; 2) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік жәрдемақы; 3) тұрғын үйді қажетті жиһазбен қамтамасыз ету; 4) БЖЗҚ-дан жерлеуге төленетін біржолғы төлем», — деді министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.
Несиелерді есептен шығару кезінде қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі де анықталады.
Бұған дейін хабарланғандай, қаза тапқандардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорының қаражатынан 7 миллион теңгеден, сондай-ақ әрбір кәмелетке толмаған балаға 2 миллион теңгеден төленетін болды. Сонымен қатар, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті қолдау көрсету үшін жеке қор құрылды.