Теміртау қаласының тұрғындары екі жарым айдан астам уақыт бойы жылумен тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегені үшін қызмет көрсетушіге сот шешімімен айыппұл салынды.
ІІМ мәліметі бойынша ҚазАқпарат , тұтынушылардың мүддесін Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қорғайды.
Тұрғындардан көптеген арыз-шағымдар түскен Ғалым Әшімов металлургтер шаһарын жылумен қамтамасыз етудегі кемшіліктерді көрсетіп, Атом және энергетикалық қадағалау комитетінің департаментіне хат жазды.
Тексеру жүргізіліп, оның барысында тексерушілер желілік судың ұзақ уақыт бойы – өткен жылыту маусымының қазан айының басынан 21 желтоқсанына дейін суыту фактісін анықтады. Әкімшілік материал одан әрі сотқа жолданды.
Серіктестік 200 айлық есептік көрсеткішпен жазаланды.