Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, ден қою актілері бойынша жосықсыз құрылыс салушылардың жер телімі бар 5 қабатты ғимараты мен 7 тұрғын емес үй-жайы мемлекет меншігіне өткен.
Бұл шаралар проблемалық нысандардың құрылысына жұмсалған бюджет қаражатын толықтыруға мүмкіндік берді.
Сотқа 7 талап арыз беру арқылы 100-ден астам акционердің құқығы қорғалды.
Алданған азаматтардың мүлкі құрылыс салушылардан тұрғын үй құрылыс кооперативтеріне берілді, бұл олардың құрылысын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Фото дереккөзі: Астана прокуратурасының сайты