Елорда әкімдігінің тұрғын үй қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында жалға берілетін тұрғын үй алуға құжаттарды қабылдауды бастады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Бағдарлама не ұсынады
Бағдарлама Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданындағы (Ковылное, Новоишимское, Шоптыкөл, Пески, Разгулное ауылдарында) тұрғын үйден пәтерді жалға беруді ұсынады.
Бағдарлама бойынша берілетін пәтерлердің ауданы 70-90 шаршы метрді құрайды. 5 жылдан кейін тұрғын үйді жекешелендіруге болады. Бұл жағдайда ай сайынғы жалдау ақысы 7000-9000 теңге болады.
Бағдарламаға қатысушыларға отбасының әрбір мүшесіне 88 375 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Қалай қатысуға болады
Бағдарламаға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде тұру керек, отбасында 3 және одан да көп бала болуы керек.
Үміткерлердің мамандығы – механизатор, электрик, токарь, құрылысшы, мал дәрігері, мал өсіруші, КАМАЗ жүргізушісі, энергетик.
Бағдарламаға қатысушы болғысы келетіндердің жоғарыда аталған мамандықтары болмаса, тегін оқу мүмкіндігі ұсынылады.
Жұмысшылар мен ауылшаруашылық мамандықтарының иелері бес жылдан кейін пәтерлерді жекешелендіре алады.
Құжаттарды қайда тапсыру керек
Құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Қошқарбаев даңғылы 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев ауданы, «Барыс» тұрғын үй кешені аялдамасы) мекенжайында орналасқан «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қоры» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылданады. ).
Жұмыс уақыты 8:30-дан 17:00-ге дейін. Үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Байланыс телефондары: +7 775 408 63 83, +7 702 727 54 64.
Дереккөз: sputniknews.kz