Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері баспананы жалға беріп, салық төлемейтін тәртіп бұзушыларды ұстай бастады.
Азаматтар тіпті сот шешімімен баспанасынан айырылуы мүмкін, – деп жазады tengrinevs.kz .
Үй иелеріне алдымен ескерту жасалып, заң бұзушылықтарды жоюға уақыт беріледі, содан кейін жағдай өзгермесе, қатаңырақ шаралар қолданылады.
Аудиторлар төлем жасамайтындар туралы әртүрлі көздерден біледі. Және олар пәтерлер мен бөлмелерді жалдайтындарды ғана емес, кеңсе, наубайхана және дүкендерге арналған аумақтарда ақша тауып жүргендерді де бақылайды.
«Біз жергілікті полиция қызметімен, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерімен, сондай-ақ ҚСК-мен тығыз жұмыс жасаймыз. Бізге апта сайын мүлікті жалға беретін тұлғалар туралы ақпарат келіп түседі», – деді Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Түменбаев.
Мемлекеттік кірістер басқармасында айына бір рет «аңға шығу» жоспарланып отыр. Рейдтер барлық тәртіп бұзушылар тіркелгенше жалғасады.