Қазақстандықтарға бастапқы жарнаны азайту үшін «7-20-25» тұрғын үй сертификаттары беріледі

Қазақстандықтарға бастапқы жарнаны азайту үшін «7-20-25» тұрғын үй сертификаттары беріледі

8 Қазан 2018

205

Поделиться статьей:


Spread the love

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы аясында берілген алғашқы жарнаны азайту үшін кемінде 50 000 «7-20-25» тұрғын үй сертификаты беріледі. 2018 жылдың соңына дейін қазақстандықтарға 10 мыңға жуық сертификат беріледі.

«7-20-25» тұрғын үй сертификаттары ипотекалық бағдарламаға қатысатын бюджеттік сала қызметкерлері үшін бастапқы жарнаны айтарлықтай төмендетеді. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері өз өңірлерінің тұрғындарының сұранысына қарай «7-20-25» анықтамаларын таратады.

«Мемлекет басшысы жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы төлемдерді жергілікті бюджеттен ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды. Ұлт Көшбасшысы атап өткендей, мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру білікті ұстаздар, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және өңірге қажет басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттырады. «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, жергілікті жерлерде «7-20-25» бағдарламасына қатысушылардың қаржылық жүктемесін азайту жұмыстарын бастадық. Біз бұл жұмысты белсенді түрде жалғастырамыз және осы аптада әкімдіктермен бірлесе отырып, қазақстандықтарға тұрғын үй сертификаттарын беруді бастаймыз», – деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

«7-20-25» бір тұрғын үй сертификатының орташа номиналды құны 1 млн теңгені құрайды. Осылайша, халықты президенттік ипотекалық бағдарламаға қатысуға ынталандыру үшін жергілікті атқарушы органдар кем дегенде 50 млрд теңге бөледі.

Еске салайық, қыркүйек айында «7-20-25» бағдарламасы аясында жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне қаржылық жүктемені азайту мақсатында «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдері әзірленіп, кейбір өңірлерде жұмыс істей бастады. Одан әрі азаматтарға алғашқы жарнаны жинақтауда қолдау көрсету анықтамалар беру механизмі арқылы жүзеге асырылатын болады.

8 Қазан 2018

205

Тегтер:

Поделиться статьей:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте