Аягөздегі қираған үйлердің иелері жаңа баспанаға құжаттарын рәсімдеп жатыр

Аягөздегі қираған үйлердің иелері жаңа баспанаға құжаттарын рәсімдеп жатыр

14 Наурыз 2018

862

Поделиться статьей:


Spread the love

Өскемен. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында су тасқыны салдарынан қираған 8 үйдің иелері бүгіннен бастап жаңа баспана сатып алу рәсіміне кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін су тасқыны жағдайына арналған брифингте аймақ басшысы Даниал Ахметов су басқан қалған үйлер де тексерілетінін айтты.

Облыс басшылығы қайталама нарықта сатылымға шығарылған 15 үйді тез арада сатып алмақ. «Біз Аягөзде сатылып жатқан үйлердің барлығын сатып аламыз. Баға секірмейді деп сенемін», – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Оның айтуынша, Аягөз қаласында сатылатын үйлердің нақты жарияланған құны оның үстелінде тұр.

«Кеше су басқан қаланы аралап жүріп, бұл кісілердің қаншалықты ілтипатты, асыл жандар екенін, ешкімді бей-жай қалдырмайтынын, зардап шеккендерге жергілікті тұрғындардың киім-кешек, азық-түлік, тек ет, бауырсақ әкеліп жатқанын көрдім. «Парыз» қорының 50 миллион теңгесі бүгін Аягөзге кетті. Қажет болады – көбірек бөлеміз», – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Дереккөз: http://tape.inform.kz/

14 Наурыз 2018

862

Тегтер:

Поделиться статьей:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте