Kaspi, Қазақмыс және KAZMinerals акционерлері мен менеджерлері Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйді қалпына келтіруге 60 млрд теңгеге дейін бөледі

Kaspi, Қазақмыс және KAZMinerals акционерлері мен менеджерлері Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйді қалпына келтіруге 60 млрд теңгеге дейін бөледі

30 Сәуір 2024

472

Поделиться статьей:


Spread the love

Солтүстік Қазақстанға Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, «Kazakhmys Holding» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, сондай-ақ «KAZ Minerals Management» ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедов келді. қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Су тасқыны басталғалы облыста 3898 үйді су басқан. Саяжай аумағы айтарлықтай зардап шекті – 6597 саяжай учаскесі. Облыс әкімдігінің мәліметінше, су басқан тұрғын үйлердің 40 пайызының одан әрі тұруға жарамсыз болуы мүмкін.

Үйсіз қалғандар уақытша жатақханаға орналастырылды. Вице-премьер оларға мемлекет тарапынан қаржылық қолдау шараларын еске салды. Қазірдің өзінде 3383 отбасы 100 АЕК көлемінде бір реттік жәрдемақы алды. 1600-ден астам отбасына 600 миллион теңге қосымша төлем қарастырылған.

Сондай-ақ облыс тұрғындарына үш ірі KAZ Minerals, Kazakhmys Holding және Kaspi.kz компаниясының көмегі туралы хабардар етілді, олар Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге, негізінен Солтүстік Қазақстанға 60 миллиард теңгеге дейін қаржы бөледі.

— Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен үш ірі компанияның акционерлерімен және басшылығымен бірге сіздің өңірге келдім. Жалпы сомасы 60 млрд теңге су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер сатып алуға және үй салуға бағытталады, деді Премьер-Министрдің орынбасары халықпен кездесуінде облыс әкімдігіне екі апта ішінде баспананы бағалауды және оны қалпына келтіруді бастауды тапсырды.

«Kaspi», «Қазақмыс» және «KAZMinerals» акционерлері мен менеджерлері Солтүстік Қазақстандағы тұрғын үйді қалпына келтіруге 60 миллиард теңгеге дейін бөледі – Қанат Бозымбаев

«Мұндай жағдай біздің елде бірінші рет болып отыр». Бұл нағыз апат екенін өз көзіммен көрдім. Ешкім бейжай қалмауы керек. Мұнда бәрі тең. Үкіметпен бірге қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз», — деді Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким.

Солнечное-2 ауылында дәл осындай үлгідегі 100 үйдің құрылысы басталып та кетті. 10 мердігер тартылды. Жоба облыс әкімдігі мен «Қазақстан халқына» қоры арасында қол қойылған меморандум аясында басталды. Тұрғын үйді жаздың ортасына дейін аяқтауға мүмкіндік беретін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен коммуникациялар бар.

Келесі кезекте Қанат Бозымбаев Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен мердігерлердің қатысуымен кеңес өткізді.

«Индустрия және құрылыс министріне облысты қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуді, құрылыс материалдарының бағасын үнемі қадағалап, оның қымбаттауына жол бермеуді тапсырамын. Әр тиынға сұраныс болатынын мердігерлер мен әкімдікке тағы да еске саламын. Өңірлерді қалпына келтіру үдерісіне құқық қорғау органдары жұмылдырылып, жағдайды мұқият қадағалап отыр. Ауа райы салқындағанша зардап шеккендердің барлығын қоныстандыруымыз керек», – деп түйіндеді сөзін Премьер-Министрдің орынбасары.

Дереккөз: inform.kz

30 Сәуір 2024

472

Поделиться статьей:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте