Шымкентте 34100 адам баспана кезегінде тұрған.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың жартысынан астамы, атап айтқанда 19 670 адам мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік қызметкерлер және әскери қызметшілер. 2017 жылы оларға уақытша қызметтік баспана ретінде 35 пәтерлі тұрғын үй бөлінді. Кезекте тұрғандардың қатарында: Ұлы Отан соғысының ардагері, 1700 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 12 698 халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері және 31 апатты тұрғын үй иелері.
Қала әкімдігі кезекте тұрғандарға пәтерлер кезең-кезеңімен беріліп жатқанын айтады. Осылайша, «Тұран» шағын ауданындағы «Бәйтерек девелопмент» желісі арқылы 640 пәтерлі 16 үй пайдалануға берілді.