Павлодарда 140 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Павлодарда 140 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

12 Желтоқсан 2017

876

Поделиться статьей:


Spread the love

Павлодарда Тәуелсіздік күні қарсаңында төрт подъезді тоғыз қабатты үй табыс етілді.

144 отбасы пәтер кілтін алды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Кутузов көшесі, 233 мекенжайындағы көпқабатты үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған.

«Аталған бағдарлама аясында биыл бес үйді тапсырғанымызды атап өткім келеді», – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Естеріңізде болса, бірнеше ондаған жылдар бойы бұл учаске жай ғана бетон қоршаумен қоршалған болатын. Түгендеу аясында ол тіркеліп, бір жарым жыл ішінде бұл үй тұрғызылды. «Рухани жаңғыру» инсталляциясының жаңа үйдің қасында орналасқаны қуантады. Баршаңызды ұлттық мерекемен құттықтаймын!

Айта кету керек, жаңа ғимараттағы тұрғын үй кейіннен меншікке сатып алу құқығымен жалға беріледі. Тұрғын үйдің әр шаршы метріне жалдау ақысы 1060 теңгені құрайды.

Үйді мердігер «Шаңырақ-14» ЖШС «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның 1,5 миллиард теңге инвестициясы есебінен тұрғызған.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2017 жылы құрылыс көлемі Павлодарда барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үй өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,4%-ға өсіп, 132 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді құрады.

12 Желтоқсан 2017

876

Тегтер:

Поделиться статьей:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте