Батыс Қазақстан облысында 1893 отбасы 688,3 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды

Батыс Қазақстан облысында 1893 отбасы 688,3 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды

3 Мамыр 2024

703

Поделиться статьей:


Spread the love

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен 7 мыңнан астам тұрғынның несие төлемдерін кейінге қалдыру шараларын қолға алуда.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Қаюпов брифингте мәлім еткендей, олардың 4 мыңға жуығы саяжай тұрғындары.

Оның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккендерге несие төлеу 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін 3 айға шегеріледі. Осы уақыт ішінде кешіктірілген төлемдер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.

— Облыста су тасқынының бірінші және екінші кезеңінің зардаптарын жою жұмыстары басталды. Бүгінде Орал қаласы, Қаратөбі, Сырым, Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандарының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу жөніндегі комиссиялар өз жұмысын жалғастыруда. Мүмкіндігінше техникалық тексерулер жүргізілуде», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, ол төтенше жағдай салдарынан 1321 тұрғын үйге зақым келгенін айтты. 1208 үйге техникалық тексеру жүргізіліп, 420 тұрғын үй одан әрі тұруға жарамсыз деп танылды (Қаратөбе – 90, Сырым – 114, Теректі – 85, Бәйтерек – 7, Бөрлі – 124).

Бұл аудандарда жарамсыз деп танылған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлер салуға жер телімдері белгіленіп, ескі ғимараттар бұзылып, жер жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, зардап шеккендерге 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек (369,2 мың теңге) тағайындалды. Қазіргі таңда 1893 отбасына 688,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Су тасқыны салдарынан 2342 бас мал, оның ішінде 341 бас мүйізді ірі қара, 63 бас жылқы, 1741 бас ұсақ мал, 116 бас шошқа, 81 бас құс қырылды. Бұл саладағы шығындарды жабуға облыстық бюджет резервінен 187,5 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 141 өтініш берушіге 1000 бас мал шығыны үшін 126,9 млн теңге өтемақы төленді.

— Материалдық мүлік бойынша өтемақы мөлшерінің жоғарғы шегі 150 АЕК (553,8 мың теңге) болып белгіленді. Материалдық мүлікті өтеу тиісті бағалау жұмыстары жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікке келтірілген залалды анықтауды арнайы құрылған комиссия жүзеге асырады. Облыс бойынша 100 кәсіпкерлік нысаны (Бәйтерек – 24, Теректі – 37, Сырым – 7, Қаратөбе – 8, Бөрлі – 8, Орал қаласы – 16) зардап шекті, – деді Т.Қаюпов.

3 Мамыр 2024

703

Тегтер:

Поделиться статьей:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте