Қылмыскерлер 23 жастағы екі жас жігіт.
Елорданың үш тұрғыны алаяқтық фактісі бойынша полицияға арызданған. Айтуларынша, белгісіз біреулер пәтер жалдаймыз деген желеумен олардың ақшасын иемденіп алған. Полицейлер 23 жастағы екі жігіттің кім екенін анықтады.
Олар арзан бағаға пәтер жалдаймыз деген желеумен хабарландырулар сайтында жарнама берген болып шықты. Дегенмен, алаяқтардың басты шарты алдын ала төлем болған. Күдіктілер ақшаны алғаннан кейін бірден жарнамаларды алып тастап, телефон нөмірлерін ауыстырған.
Олардың бұрын осындай қылмыстарға қатыстылығы қазір тексерілуде. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 190 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi «Алаяқтық» …
Дереккөз: dom.kz