Атыраудағы отбасылар «Жас Отау» бағдарламасы бойынша баспаналы болады

Атыраудағы отбасылар «Жас Отау» бағдарламасы бойынша баспаналы болады

7 Қараша 2017

527

Поделиться статьей:


Spread the love

Атырау облысында «Жас Отау» бағдарламасы бойынша жүздеген жас отбасы баспаналы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірімізде «Жас отау» бағдарламасы жыл өткен сайын қарқын алып келеді. 2015 жылы аталған бағдарлама бойынша облыста 90 пәтер пайдалануға берілгенін айтсақ та жеткілікті. Ал қазіргісінде 120 отбасы пәтер алып үлгерді. Бірақ 100 пәтерлік тағы бір көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр», – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлерді облыс орталығындағы жас отбасылар ғана емес, аудандарда тұратындар да алатын болады.

«Қазіргі таңда Атырау қаласында 72 пәтерлік тұрғын үй, Жылыой ауданы Құлсары аудан орталығындағы 100 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй, 50 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Индер ауданының Индербор ауданы орталығы, 30 үш бөлмелі бір қабатты облыс орталығы Махамбет ауданындағы үйлер», – деді Р.Құспан.

Облыс бойынша «Жас Отау» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға барлығы 2 мыңға жуық жас отбасы өтініш білдірген.

7 Қараша 2017

527

Тегтер:

Поделиться статьей:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте