Петропавлда 200 отбасы пәтер алды

Петропавлда 200 отбасы пәтер алды

1 Желтоқсан 2017

154

Поделиться статьей:


Spread the love

Петропавлда 100 пәтерлік екі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жаңа қоныстанушыларға кілтті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыс етті. Ол көп жылдардан бері алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін және коммуналдық тұрғын үйлер салғанын атап өтті.

«Жыл соңына дейін тағы екі үйді тапсырамыз. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық тілеймін. Шаңырақтарыңызда жылу мен жарық болып, балалардың күлкісі естілсін, бақыты баянды болсын», – деді аймақ басшысы.

Тұрғын үй комиссиясының шешімімен пәтерлер Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға, толық емес отбасыларға, көп балалы отбасыларға, Қазақстан Республикасының мүгедектеріне бөлінді. 1 және 2 топтар, жасы бойынша зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар; мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, ауыр дертке шалдыққан адамдар аурулар, оралмандар.

Құрылыс бөлімінің басшысы Серік Мұхамедиев баспананың «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынғанын атап өтті.

«Баспана жалдамалы және коммуналдық, сатып алу құқығы жоқ. Бағдарлама бойынша тұрғын үй алаңы 65 шаршы метрден аспауы керек. Желтоқсан айында тағы екі үйді тапсырамыз. Олар дайын, абаттандыру жұмыстары қалды», – деді Серік Мұхамедиев.

1 Желтоқсан 2017

154

Тегтер:

Поделиться статьей:

Вся недвижимость
в одном приложении

Сканируйте QR-код, чтобы установить
приложение Homsters на смартфон.

Вся недвижимость
в одном приложении

Размещайте бесплатно и находите недвижимость
для покупки или аренды в любом городе Казахстана

Скачать приложение Остаться на сайте